Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының екі отбасына пәтер сыйға тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облыстық мешіті аз қамтылған отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.

Сондай-ақ, дін қызметкерлері жатақханаларда тұратын студенттерге және өңірдің кейбір кәсіпорындарының қызметкерлеріне ауызашарға арналған жиынтық салынған себеттер таратылды. Ал «Зекет» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға екі пәтер сыйлады.

«Қасиетті Рамазан айында өткізілген қайырымдылық акциялары аясында облыста 26 373 отбасына көмек көрсетіліп, 5,5 тонна азық-түлік таратылды. Игі іске қатысқан қала тұрғындарына ерекше алғысымызды білдіреміз», – дейді Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа.

«Зекет» қайырымдылық қоры облыстың 13 430 тұрғынын ауызашарлармен қуантты. Сонымен қатар, «Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны кезінде 12 673 отбасы азық-түлік алды. Оларға 3,7 тонна ұн, 1,2 тонна шай, 770 литр күнбағыс майы таратылды. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылар арасында ет таратылды. Киіммен 270 отбасы қамтамасыз етілді.

«Ауызашарлар мен азық – түлік жеткізуден басқа, Рамазан айында «Ел үлесі – пәтерге« республикалық жобасы аясында біз мұқтаж жандарға екі пәтер сыйға тарттық: біреуі Теміртауда - көп балалы отбасына, екіншісі Жезқазғанда - ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасына. «Ел үлесі - пәтерге!« 2018 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде республикада 300-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мұндай игі істерді одан әрі жалғастырамыз», – дейді «Зекет» қайырымдылық қорының Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Мұхит Жарымбетов.


Соңғы жаңалықтар