Кәсіпкер Алматы облысындағы жағдайы төмен отбасыларға 10 үй салып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында бүгінге дейін баспанаға мұқтаж 130 отбасыға үй салып берген кәсіпкер тағы да 10 жанұяны баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкер Темірлан Шәйнүсіпов құрылысы аяқталып қалған үйлердің үшеуінің кілтін өзі арнайы табыс етті.

Жаңа үйді кәсіпкер жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға арнап салған.

Қоныс тойын тойлап отырған Молдашевтар отбасының айтуынша, үй заман талабына сай салынған.
«5 бөлмелі үй заман талабына сай, ыстық су, суық су кіргізілген. Әжетханасы да үйдің ішінде. Екі баламмен тар үйінде әке-шешемен тұрып жүр едік. Жас отбасы деп жаңа баспана сыйлап отырған қайырымды жанға алғысымыз шексіз» , - дейді Асхат Молдашев.
Айта кетейік,12 жылдан бері өз ауылдастарына үй салып жүрген кәсіпкер биыл 50 орындық «Дария» балабақшасын салып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.


Соңғы жаңалықтар