Кәсіпкерлердің 76 пайызы жемқорлыққа жүгінбей бизнес құруға болатынына сенеді - агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлікке меморгандардың заңсыз араласуының 154 фактісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүгін сіздермен жемқорлыққа қарсы комплаенстың жүйесін құру мәселесіне қатысты бас қосып отырмыз. Бұл саладағы халықаралық тәжірибелерді де зерттеу керек. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің жетекші тәжірибелеріне сәйкес комплаенс қызметтерді құру – мемлекет тарапынан қолдауға ие. Тіпті кейбір елдерде мемлекеттік тапсырыс немесе банктен қарыз берген кезде өз жұмысында комплаенс қызметтерді енгізген компанияларға басымдық беріледі», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қазақстандағы комплаенсты дамыту және ілгерілету бойынша халықаралық онлайн форумда.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары кейінгі екі жылдың ішінде бизнес пен инвестицияны қорғау жұмысына басымдық беріліп келеді.

«Біздің ойымызша бұл жұмыс жақсы реттеліп келеді. Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуінде жалпы сомасы 12,5 трлн теңгелік 50 инвестициялық жоба бар. Осы жылдың өзінде біз мемлекеттік органдардың кәсіплік салаға заңсыз араласуының 154 фактісін анықтадық. Бұл істер бойынша 90 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы ретте әрдайым өзіміз мүддесіне жұмыс істейтін мақсатты топтардың керіс байланысы мен бағалауын алғымыз келеді», - деді ол.

Оның сөзінше зерттеулерге сәйкес Қазақстандағы сауалнама жүргізген кәсіпкерлердің 76 пайызы елде жемқорлық практикасына жүгінбей бизнес құруға болатынына сенеді.


Соңғы жаңалықтар