Кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады . Бүгінде бұл қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда .

«Мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге , кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге , қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге , салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге , жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге , оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан), кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

«E-Salyq Business»-те бұдан басқа да ыңғайлы сервистер қарастырылған. Мәселен, салық органдарының жіберген хабарламасын алуға , бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге , артық төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, жұмысшылардың табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған.


Соңғы жаңалықтар