Кәсіпқой бокс: Дэниел Джейкобс кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
Жекпе-жек - MatchroomBoxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг платформасы өткізіп отырған бокс кешінің басты айқасы.
12 раундқа созылған айқаста Джейкобс айқын басымдық таныта алмады. Алайда, ол жекпе-жек барысында барынша бірінші нөмірде жұдырықтасуға тырысықан болатын. Ал қарсыласы Росадо шаршы алаңда оған айтарлықтай қиындықтар туғызды.
Қортындысында Джейкобс ұпай саны бойынша (115-113/113-115/115-113) жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, Дэниел Джейкобс үш жыл бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен ұпай саны бойынша жеңіліс тапқан болатын. Сондай-ақ, ол GGG-мен 12 раунд айқасқан алғашқы қарсылас ретінде қазақстандық жанкүйерлердің есінде қалды.
Габриэль Росадо 2013 жылы Головкинмен қолғап түйістіріп, 7 раундта техникалық нокаутпен жеңілген.
Еске сала кетсек, Джейкобс- Росадо айқасының андеркартында Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегін өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгоны (23-2, 12 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.