Қаскелеңдегі жарылыс: зардап шеккен екінші адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыс салдарынан екінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды», - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында газ ауа қоспасы жарылып, 7 адам жарақаттанғанын, бір баланың оқиға орнында жан тапсырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар