Каспий жағалауындағы қамыс өрті әлі толық сөндірілген жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауындағы 515 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілді. Жалынды жою жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Каспий жағалауындағы 550 гектар аумақта қамыс өртенгенін жазған болатынбыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қамыс өртін сөндіру бүгін, 14 қазанда қайта жалғасты. Жергілікті уақытпен сағат 09:00-ге дейін жағалауда өртенген аумақтан жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

«Өткен тәулікте 25 гектарда, оның ішінде жеке құрамның күшімен 15 гектар аумақта өрт ошағы жойылды. Ал, 10 гектардағы жалын өздігінен сөнді. Жағалаудағы қамыс өртінің жалпы аумағы 550 гектарды құрап отыр. Осы кезге дейін 515 гектарда өрт сөндірілді» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қамыс өртін сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 31 адам, 5 техникасы, 4 мотосорғыш, 1 генератор, 40 жең, 1 үрлемелі шатыр тартылған.


Соңғы жаңалықтар