Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда үндеу жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың жаңа топтамасы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте байыпты әңгіме болады», - деді бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар