Қасым-Жомарт Тоқаев: Алаш қайраткерлерінің еңбектері жан-жақты зерттелуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қайраткерлерінің еңбектері жан-жақты зерттелуі керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Президент Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Президент жиын барысында Алаш қайраткерлерінің еңбектері Алаштану ғылымының аясында жан-жақты зерттелу қажеттігіне назар аударды.

«Алаштану ғылымы арыстарымыздың еңбектерін барынша қамтуы керек. Жыл өткен сайын Алаштың абыройы асқақтап, беделі биіктей береді. Олардың атқарған ісі ешқашан маңызын жоғалтпайды. Себебі, ұлт мүддесі, ел қамы деген ұғымдар – мәңгі құндылықтар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Алаш қайраткерлерінің дербес мемлекет болып, жер жүзімен терезесі тең қатынас орнату жөніндегі арман-мақсаты жүзеге асқанын атап өтіп, еліміз бүгінде әлем қауымдастығының белді мүшесіне айналғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар