Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балалар күні екенін еске салды. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік балалар күні. 1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елдерде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы осы күні Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар