+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Egemen Qazaqstan» қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды

2019 жылғы 21 қараша 12:03
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Egemen Qazaqstan» қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады. Еліміздің бас басылымның мерейтойына орай өтіп жатқан салтанатты шарада Мемлекет басшысы құттықтауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымын газеттің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір ұжымға ғана емес бүкіл елімізге ортақ қуаныш. «Egemen Qazaqstan» әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты және рухани құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ баспасөзінің қара шаңырағына айналды. 100 жасаған газеттің егеменді ел болу жолында жасаған жұмысы ұшан-теңіз», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұқтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сияқты Алаш арыстары басқарған басылым әрдайым қазақтың рухын биік ұстағандына баса назар аудартады.

«Газет ұжымы кеңес заманының өзінде ана тіліміз бен ұлттық санамызды сақтауға, төл мәдениетіміз бен тарихымызды насихаттауға, елдігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. «Egemen Qazaqstan» Тәуелсіздіктің елең-алаңында да Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтай біртуар азаматтардың басшылығымен мемлекет іргесін биіктетуге атсалысты. Қазақстанның шежіресі бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы газеттің әр санында Елбасының барлық бастамалары мен шешімдері, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар баяндалды. Осы игі үрдіс жаңғырудың жаңа кезеңінде жалғасын тауып, егемендіктер Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында жемісті қызмет ете береді деп сенемін. Ғұмыры ғасырмен өлшенетін газеттің торқалы тойы құтты болсын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазақстан Президенті, БАҚ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT