Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президентімен кездесті

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қолға алынған жаңа стратегиялық бағдарламалар жайында және өзінің Сайлауалды тұғырнамасында айтылған сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаттарының іске асырылуы туралы айтты.

Хорст Кёлер сабақтастық дәстүрі ел дамуына тың серпін беретінін және Қазақстанды Еуразиядағы тұрақтылық орнаған аумақ санайтынын айтты.

«Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы Президенті Хорст Кёлермен кездестім. Қазақ-неміс байланыстарын нығайту мүмкіндіктерін талқыладық. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ Министрлік конференциясының маңыздылығын атап өттік. Еуразия құрлығындағы ахуал жөнінде пікір алмастық», деп жазды Прездент Twitter-дегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар