Қасым-Жомарт Тоқаев: Иманбектің жетістігі – бүкіл ТМД үшін теңдесі жоқ табыс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Grammy иегері Иманбек Зейкеновтің жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішісі.

«Елбасы бастамашы болған «100 жаңа есім» жобасы – бұл шын мәнінде біздің ұлтымыздың жасампаз энергиясы мен тәуелсіздігіміздің қасиетті мәнінің іске асуына айналған отандастарымыздың жетістіктерінің әсерлі оқиғаларының жарқын көрінісі. Бұл жоба осымен төртінші жыл қатарынан елімізді талантты және талапты қазақстандықтармен таныстырып отыр. Жоба басталғаннан бері оған 7,5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың өмір жолдары әр түрлі, олар әр түрлі жастың және әр түрлі ұлттың өкілдері, әр түрлі қызмет саласынан және Қазақстанның түкпір-түкпірінен шыққан. Бірақ оларды еңбексүйгіштік және жасампаздыққа деген ұмтылыс, өзіне деген сенім және сүйікті ісіне толық берілу сияқты ортақ құндылықтар мен көзқарастар біріктіреді», - деген Мемлекет басшысы жобаның арқасында бүкіл ел дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовтың сауапты істерінен хабардар болғанын атап өтті.

«Ол өзінің бірегей емдеу әдістемесімен көптеген адамдарға балалы болуға көмектесті. Жақында ең беделді «Grammy» сыйлығын алған музыкант, 2019 жылғы жобаның финалисі Иманбек Зейкеновтің есімі бүкіл әлемге әйгілі болды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД үшін теңдесі жоқ», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына пандемия кезіндегі шектеулерге қарамастан, рекордтық мөлшерде 2790 адам еске салды.


Соңғы жаңалықтар