Қасым-Жомарт Тоқаев «Карантиндегі жұлдыз» жобасын жоғары бағалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстадықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарға түсінгендері, шыдамдылық танытып, табанды болғандары үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Мәдениет қайраткерлеріне жеке рақметімді жолдаймын. Олар сөзбен де, іспен де қазақстандықтарға көмектесуде. «Карантиндегі жұлдыз« жалпыұлттық жобасының барысын ризашылықпен қадағалап отырмын. Бірегей әрі пайдалы бастама», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті дағдарыс жағдайы және оған берілген жедел жауап ведомстволардың қызметін жетілдіру, сонымен қатар орталық пен өңірлер арасындағы үйлесімділікті күшейту қажеттігін көрсетіп бергендігін баса айтты.

«Бізге коммуникация проблемасына, елдің билік құрылымдары мен азаматтар арасындағы кері байланысқа назар аудару қажет. Бұл - дағдарыстың бір сабағы ғана. Мұндай сабақтар аз емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар