Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қаттар Сыртқы істер министрімен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман Әл Тәнимен кездестім. Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық барысын талқыладық»,-делінген жазбада.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Премьер-Министрінің орынбасары, осы елдің Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдағанын жаздық.


Соңғы жаңалықтар