+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Үндістанға көмек көрсетуге дайын

2021 жылғы 4 мамыр 13:14
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Үндістанға көмек көрсетуге дайын

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент ШҚО-дағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айттты COVID-19-дың Үндістанда тарап жатқан штамы Қытайға жетті

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген.

Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

– Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT