Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2030 жылға қарай Қазақстанның 7 өңірінде астық шығымы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференцияда әлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БҰҰ-ның 2020 жылғы деректері бойынша, күтіліп отырған климат жағдайында, 2030 жылға қарай жаздық бидайдың шығымы зерттеуге алынған Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында орта есеппен қазіргі деңгейінің 63-87 пайызына ғана жетуі мүмкін», - деген Мемлекет басшысы мұның әсері бүкіл Орталық Азияға әсер ететінін еске салды.

«Қазақстан Орталық Азиядағы бидай экспорттайтын жалғыз мемлекет екенін ескерсек, бұл жайт бүкіл өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді», - деді Президент.

Айта кетейік, елордада «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференция өтіп жатыр.

Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, іскер топтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.


Соңғы жаңалықтар