Қасым-Жомарт Тоқаев қоқыс үйінділері туралы: Жүйелі жұмыс қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне елді мекендер маңындағы қоқыс үйіндісі мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді мекендер маңындағы бей-берекет қоқыс үйіндісі мәселелері шешілмей отыр. Жүргізілген түрлі рейдтер, салынған айыппұлдар, экологиялық айлықтар аз ғана нәтиже берді. Мұнда Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен бірге, Президент Үкіметке «Waste to energy» технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдаймен және заңнамалық негізбен жедел қамтамасыз етуді тапсырды.

«Мектептерде балалардың экологиялық сауаты пәнін енгізу керек», - деп тапсырма берді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс жүйесі арқылы өтті.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.


Соңғы жаңалықтар