Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия басшылығына қазақтарға деген құрметі үшін ризашылығын білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті қасым Жомарт Тоқаев Моңғолия елінің басшылығына этникалық қазақтарға деген құрметі үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгпен жүздесуі барысында айтты.

«Осы сәтті пайдалана отырып, этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін Сіздің елдің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – Сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас, сауда, экономика, логистика бағыттары бойынша өзара ықпалдастықты дамыту сияқты өзге де кең ауқымды мәселелер тақыланды.



Соңғы жаңалықтар