Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытай министрліктерінің консультациялық қызметін құруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытай министрліктерінің консультациялық қызметін құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Қытайға экспорттайтын 135 түрлі тауардың жеткізілім көлемін өсіруге әлеуетті. Оның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік экспортының көлемін 1 млрд доллардан арттыруға болады. Осыған байланысты бірлескен жолдарды пысықтау үшін өзара сауда және көлік байланысы бойынша «Орталық Азия+Қытай» министрліктер консультациясы» тетігін іске қосуды ұсынамын», - деді ол «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде.

Шара барысында ҚР Президенті «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Соңғы жаңалықтар