Қасым-Жомарт Тоқаев: Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тіпті, ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес. Өйткені, пандемияға ешкім де дайын болған жоқ.

Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Қазақстан міндетті түрде осы қиындықты еңсеріп, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түседі.Жалпы, дағдарыс бұл еліміздің келешегі мен оның алдағы дамуы туралы терең ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, бәріміз бір ел болып белсенді жұмыс жүргізуіміз керек», - деді Президент.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар