Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулары қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.
Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды.
Мемлекет басшысы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ, қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Оқу-жаттығу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.
- Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
- Елордалық авиация базасының құрылғанына 21 жыл толды
- Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
- Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады
-
Президенттің Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатында сөйлеген сөзінің толық мәтіні
-
Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс - Тоқаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам