Қасым-Жомарт Тоқаев Жайық өзенінің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге назар аудару керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша су ресурстарын басқарудың ұлттық жоспары дайындалды. Оны қабылдап, қаржыландыру ісін тездету қажет. Қазір Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау. Үкіметке оны сапалы түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Жалпы су дипломатиясының тәсілдерін айтарлықтай нығайтуымыз керек. Қазақстан үшін бұл өте қажет нәрсе. Себебі тұщы су бізде өте тапшы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.


Соңғы жаңалықтар