Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жолдағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылып жатыр.
Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады.
Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі.
Бейнекамералар заңсыз әрекетті анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді.
Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оның бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді.
Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр.
Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану – ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазірдің өзінде жобанының оң әсері байқалады.
Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыс саны 30%-ға азайды.
- Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті
- Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып барып тоқтады
- Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр
- Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
Қазақстанға Ресейден анықтамасыз келген 156 азамат шекарадан кейін қайтарылды
-
Мамандар ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін қалай арттыру керектігін талқылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам