Қайта вакциналаудың алғашқы легіне кімдер қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталатын болды. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы жазды.

«Комиссия отырысында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды», - делінген ресми хабарламада. Соның бірі – халықты қайта вакцинациялау мәселесі.

«Ағымдағы жылғы қарашаның үшінші онкүндігінен келесі санаттағы адамдар үшін қайта вакциналауды бастау жоспарланып отыр: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар», - деп жазылған комиссияның шешімінде.

Ведомствоаралық комиссия Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақытын ұлғайтты. Нақтырақ айтсақ, «жасыл аймақта» - сағат 03:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 05:00-ге дейін; «сары аймақта» - сағат 01:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 03:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан 15 елмен вакцинациялау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізген. Олар: Түркия, Мажарстан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин.


Соңғы жаңалықтар