Қайтыс болған адамды жерлеуге жер тегін беріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Қайтыс болған адамды жерлеуге 6 шаршы метр жер тегін беріледі.

Бұл жөнінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамды жерлеу үшін ҚР Жер кодексінің 109 бабының 3 - тармағына сәйкес жалпы жер әрбір ауылдарда, аудандарда алты шаршы метр мөлшерінде тегін беріледі. Мысалы жер сатылған жағдайда халық 102 номеріне хабарласу керек»,- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Алматы облысында 957 жерлеу орны бар. Мамандардың сөзінше, тек үшеуінде ғана арнайы бейіт басын қарайтын, күтім жасайтын мамандар бар екен. Ал қалған мола-зираттардың барлығы ашық-шашық қорғаусыз, қоршаусыз жатыр деп дабыл қағуда. Қазір мемлекет тарапынан бейіт басын қарауға, күтім жасауға арнайы тендер жариялануда. Сандуғаш Дүйсенова сондай мүмкіндікті пайдаланған маман. Зираттың басына шлагбаумға дейін қойған ол осылайша бейіт басында көліктердің жөнсіз ары-бері қатынауын тоқтатып, қоршаусыз жатқан сәбилердің бейіттерін аяқасты етуден сақтап, вандализммен күресіп жатқанын айтады. Сондай-ақ, ол әкімдік жанынан жерлеу рәсімімен айналысатын арнайы мекеме құрылса көлеңкелі бизнеспен айналысатындардың жұмысына тосқауыл қойылатын еді,- дейді ол.

Ал «өлімнен кейін жемқорлық» атты брифинг барысында бір ғана Алматы облысында жылына 13 мыңнан аса адамның жерленетіні белгілі болды. Қабір қазу сынды түрлі жолмен нәпақа тауып жүргендермен мамандар күрес жүргізе ала ма, олардың жұмысын бір жүйеге реттеу мүмкін бе, ол уақыт еншісінде.




Соңғы жаңалықтар