+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қайырбек Өскенбаев: Баспана бағасы түпкілікті тұрақтанады

2021 жылғы 14 сәуір 13:07
Бөлісіңіз:
Қайырбек Өскенбаев: Баспана бағасы түпкілікті тұрақтанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасы қашан тұрақтанатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлы жер: Атбасарда 45 пәтерлі көпқабатты үйлер салынып жатыр Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысының екі отбасына пәтер сыйға тартылды Сандықтау ауданында көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

«Біз апта сайын жылжымайтын мүлік бағасын бақылап отырамыз. Жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін тұрғын үй бағасы көтеріле бастады. Бастапқы нарықтағы тұрғын үй құны қаңтарда 3 пайызға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 17 пайызға қымбаттады. Наурызда бағаның өсуі тоқтады. Біріншісі 0,5 пайызға, ал екіншісі екі пайызға қымбаттады. Сәуір мен мамыр айларында өсім тоқтайды, ал маусым мен шілдеде бағалар тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді вице-министр.

Дегенмен, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы бағаларға жүргізілген талдау әлем бойынша құрылыста пайдаланылатын шикізат пен материалдар бағасының өскенін көрсетті деп отыр.

«Жылжымайтын мүліктің өзіндік бағасында еңбек ресурстарының құны өте үлкен үлеске ие. Қазақстандағы орташа жалақы статистикасына қарасақ, 2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша 233 136 теңге болды. Бүгін ресми статистика шықты. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша номиналды орташа жалақы шамамен 11 пайызға өсті. Тиісінше, краншылардың, монолит құятын қызметкерлердің, әрлеушілердің еңбегі жылжымайтын мүліктің бастапқы нарығына әсер етеді. Біз өз тарапымыздан талдау жүргізіп, жылдың екінші жартысында, бұған дейін болжағанымыздай, мамырдың соңы мен маусымның басынан бастап баға нарығы тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді банк төрайымы.

Еске салсақ, «Отбасы банкі» өкілі «Елорда жастары» бағдарламасына қай мамандық иелері қатыса алатынын мәлім еткен болатын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, мамыр айында «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша берілетін 8000 пәтер Baspana.kz сайтына шығарылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT