«Қайырымды істер марафонына» 5 млн қазақстандық атсалысқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр «Қайырымды істер марафонына» 5 млн қазақстандық атсалысқан. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік 2021 жылы азаматтық қоғаммен қарым-қатынасқа тың серпін берді. Осы орайда, Қазақстанның Азаматтық форумының мерекелік оныншы жиынын ерекше атап өткен жөн. Іс-шара билік пен қоғам диалогының маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Форум барысында үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес және жалпы азаматтық сектор өкілдерінен мыңнан аса ұсыныс пен ұсыным келіп түсті.

Сондай-ақ 2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға түзетулер енгізілді. Заң қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін айтарлықтай күшейтті», - деді ведомство басшысы

Сондай-ақ министр Мәжіліске қоғам өкілдерімен талқылаудың барлық кезеңдерінен өткен «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы енгізілгенін еске салды.

«Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру ережелеріне өзгеріс енгіздік. Халықтың сұранысын ескеріп, оны алғаш рет жалпы талқыға салдық.

Былтыр Президенттің бастамасымен қайырымды істер марафоны іске асырылды. Оған 5 миллионға жуық азамат атсалысты.

2021 жылы «Үкіметтік емес ұйымдар академиясы» жобасы жалғасын тапты. Соның аясында былтыр 800-ден астам азаматтық сектор өкілі оқытылды.

Жалпы, Үкіметтік емес ұйымдармен бірге түрлі жобалар іске асырылып жатыр. Жыл сайын республика бойынша әлеуметтік маңызы бар 2 мыңға жуық жоба жүзеге асырылады», - деді Асқар Умаров.


Соңғы жаңалықтар