Қазақ ғалымдары жол құрылысы саласындағы жаңа әзірлемелерін ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Жол құрылысындағы инновациялық әдістер: Келешегі мен дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық шара «Қазавтожол – Kaztraffic» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ал жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын көрмеде жол және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын өнімдер ұсынылған.

«Дәл осы көрмеден кәсіпорындарымыз бен мемлекет үшін үлкен пайда бар. Бұл жерде біздің климаттық жағдайымызға сай келетін жаңа технологиялар ұсынылған», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК бас директоры Замир Сағынов.

Оның атап өтуінше, көрмеде жол құрылысы саласындағы ең заманауи технологиялар ұсынылған. Олардың қатарында өздерінің тың әзірлемелерін ұсынған отандық кәсіпорындар да бар.

«Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты өз технологиясын ұсынып отыр. Ғалымдар біздің көміріміздің базасында нанотехнологиялар енгізгісі, көмірді битумға қоспа ретінде және жағармай материалы ретінде қолданғысы келеді. Бұл технологияны енгізу бойынша толық сызба әзірленген», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар