Қазақ күресінен Конфедерация кубогіне жолдама алған командалар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен Конфедерация кубогіне іріктеу турнирі өтіп, финалдық кезеңге жолдама алған төрт команда анықталды деп жазады Olympic.kz.

Қазақ күресінен жеті команда кубоктік додаға жолдама алу үшін сынға түсіп, жалпы есебі жүзге жуық балуан кілемге шыққан болатын. Жарыс нәтижесі бойынша, төрт команда Конфедерация кубогіне жолдама алды.

Атап айтар болсақ, І орын – «Қызылжар арландары» спорт клубы (СҚО), ІІ орын – «ЗАККАР» спорт клубы (Қарағанды облысы), ІІІ орын – «Qazaq kuresi» спорт клубы (Алматы қаласы), ІV - орын «Армия орталық спорт клубы» (Нұр-Сұлтан қаласы) кубоктік сында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар