+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақ тарихында мәңгі таңбаланған күн

2019 жылғы 1 желтоқсан 09:00
Бөлісіңіз:
Қазақ тарихында мәңгі таңбаланған күн

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

Ұқсас жаңалықтар
Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді Алматыда мерекелік отшашу болды Тұңғыш Президент күні Қарағанды облысының тұрғындары қоныс тойын тойлады

Тарихи сайлау бір күнде, бір ғана сәтте бола салған жоқ. Алдымен 1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды.

Ал 1 желтоқсан күні - ел тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретінде таңдалды. 5 желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Оның ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-і дауыс берген, бұл - сайлауға қатысушылардың 98,78 пайызы . Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.

Тұңғыш Президент қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күн өткенде Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, онда 1 желтоқсанда атап өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT