Қазақфильм жаңа жобаға мультипликаторларды іздеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильм жасауға мультипликаторларды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз «Алтын адам» толықметражды анимациялық фильмінің командасына 2D және 3D-анимация бойынша үздік мамандарды іріктеуді жалғастырамыз. Режиссерлер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының теңдессіз жобасын «Қазақфильм» киностудиясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен дайындап жатыр. Мультфильм сала білетін және ұнататын достарыңызды белгілеңіздер. Талантты мамандар өздерін көрсету мүмкіндігі туралы көбірек білсін» делінген киностудияның хабарламасында.

Резюмені [email protected] поштасына жолдауға болады.


Соңғы жаңалықтар