«ҚазАқпарат» ХАА тілшілері «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауында жүлделі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев орталығында БАҚ қызметкерлері арасындағы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен қоры ұйымдастырған бұл байқау тәуелсіздік жылдарында еліміз қол жеткізген жетістіктері және Елбасы идеялары мен мен бастамаларын кеңінен таратуға негізделген.

Байқаудың билығы ерекшелігі – «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымының қосылуы. Оған Әзербайжан, Германия, Ресей, Түркия және Жапония елдерінен материалдар келіп түскен.

«Біздің байқауға қатысқан Қазақстанның журналистері мен шетелдік БАҚ өкілдеріне ұйымдастырушы ретінде шексіз алғыс білдіреміз. Ең қызық әрі шығармашылық мамандықтардың бірінде жаңа есімдер ашылуда. Бұл байқау Елбасының жасампаз идеялары мен бастамаларын тек Қазақстанда ғана дәріптеп қоймай, бүкіл әлемде кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді», - деді ҚР ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, конкурс комиссиясының тең төрағасы Әмірхан Рахымжанов.

Байқау жеңімпаздары арасында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Руслан Ғаббасов бар. Ол «Ғаламтор - БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымында жүлделі ІІ орын алды. І орын «История Казахстана» порталының журналисі Арман Сүлейменовке, ІІІ орын ҚазАқпараттың штаттан тыс шолушысы Махат Садыққа берілді.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» аталымында І орынды – «Атырау - Ақпарат» ЖШС өкілі Хайрат Сатаев, ІІ орынды – «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Тулина және ІІІ орынды – Павлодарлық «Звезда Иртыша» газетінің қызметкері Әлішер Шаяхметов алды.

«Үздік радиоматериал» аталымында – «Шалқар» радиосының тілшісі Нұрмат Мансұр жеңімпаз атанды.

«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша І орынды – Дархан Әбдіуахит («Хабар» телеарнасы), ІІ орынды – Сәуле Көмекбаева және Аян Омарқұлов (ҚР Президентінің телерадиокешені), Бекзат Есқалиев («Қазақстан» РТРК), ІІІ орынды – Болатбек Баянхан («Қазақстан» РТРК) және Әлімжан Исабай («Қазақстан» РТРК) жеңіп алды.

«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясында І орынды Әзербайжанның «Yenicag.Az-Новая Эпоха» газетінің тілшісі Рустам Гасымов, ІІ орынды Қазақстандағы Түркия телерадиокешенінің тілшісі Гузаль Заитова және ІІІ орынды – Жапонияның «KINZAI Financial Plan» журналының тілшісі Наоки Мацумото иеленді.

Соңғы жаңалықтар