«ҚазАқпарат» заманауи, болашаққа ұмтылған агенттік - Арменпресс Бас директоры

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Арменпресс агенттігінің Бас директоры Арам Ананян «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Қымбатты достар, құрметті әріптестер! «Арменпресс» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің және өзімнің атымнан сіздерді 100 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. 100 – жыл, бұл әрбір агенттіктің, соның ішінде «ҚазАқпарат» өміріндегі елеулі кезең.

Қазақстанның жаңа тарихының шежірешісі және замандасы болу – өте қиын, құрметті міндет. Бірақ одан да құрметті міндет бар. Ол – елдің бүгіні мен болашағы туралы баяндайтын журналистік миссия. Бұл сіздердің болашаққа бағытталған миссияңыз», - деді Арменпресс агенттігінің бас директоры.

Ол «ҚазАқпараттың» заманауи, мықты, болашаққа ұмтылған агенттік екеніне қуанатынын жеткізді.

«Арамызда бұрыннан келе жатқан тарихи байланыс бар. Бізді жүздеген жағдай байланыстырады, ал ақпараттық кеңістігімізді дамыту үшін әлеуетіміз жоғары деп ойлаймын.

Бүкіл ұжым, барлық «қазАқпараттықтарға», қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген бәріне, агенттіктің ардагерлері, болашақ ұрпаққа жаңа шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт тілеймін, және бұл күрделі кезеңнен өткен соң, сіздерді Қазақстанда мерейтойларыңызбен құттықтай алатынымызға шын үміттенемін. Тек жақсылық пен сәттілік тілеймін! Мерейтойларыңызбен тағы құттықтаймын», - деді А.Ананян



Соңғы жаңалықтар