Қазақстан 35 мемлекеттің вакцина паспортын мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігерінің 35 мемлекеттің коронавирусқа қарсы вакцина паспортын Қазақстан аумағында жарамды деп тануды көздейтін қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы қаулыға сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Бельгия Корольдігінде, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.

26 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстан 33 елмен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісімге жасасқан болатын.

Енді олардың қатарына Бельгия Королльдігі мен ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданы қосылып отыр.


Соңғы жаңалықтар