Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасындағы контейнерлік сервис алғаш рет Босфор бұғазынан өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше, 6 қарашада Түркияның Анкара қаласында Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Сиань – Анкара – Прага пойызының келуі рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Түркия, Қытай, Әзербайжан үкіметі, сондай-ақ шетелдік теміржол және көлік компаниясының өкілдері қатысты.

Сауат Мыңбаев өз сөзінде бұл тарихи оқиға екендігін мәлімдеді.

- Сиань – Анкара – Прага пойызын іске қосу Транскаспий халықаралық көлік бағытының өзектілігін, сондай-ақ еуропалық бағыттар бойынша аталған дәлізді дамыту перспективасын дәлелдейді. Босфор бұғазы астынан өтетін «Мармарай» суасты теміржол тоннелінен алғаш рет контейнерлік пойыздың өтуі фактісі оны тарихи етеді, - деп атап көрсетті С. Мыңбаев.

Осылайша, Қазақстан, Түркия Әзербайжан және Грузия бірлесе Қытайдан Орталық Азия, Ресейдің сібір өңірінен Түркияға және Жерорта теңізіне ең қысқа жүк айналымын қамтамасыз ететін, мультимодальдық Транскаспий көпірін құрды.

Аталған елдер негізгі әлемдік нарықтардың арасында орналаса тұрып, Азия мен Еуропаны жалғайтын, тарихи тізбек болып табылады және жаһандық көпір ретінде сипатталады.

Рәсім барысында Қазақстанның тасымал мерзімін нақты сақтай отырып контейнерлік сервис сапасын арттыруда, көлемін көбейту бойынша жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылармен, логистикалық бизнестің ірі ойыншыларымен жүйелі жұмыс жасайтындығы атап өтілді.

Сонымен қатар, сервис Қазақстан экспортшыларын өз өнімдерін Әзербайжанға, Грузияға, Түркияға, сондай-ақ Қара және Жерорта теңізі порттарына жеткізу үшін аталған бағытты пайдалануға мүмкіндік берді.

Салтанатты рәсімде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мүше-мемлекеттерінің үйлесімді жұмысына оң нәтиже бергендігі айтылды.

Осының арқасында, Кавказдан, Түркиядан, Еуропадан Қытайға ТХКБ бағыты үшін Қазақстан аумағы бойынша тарифтер үш есе төмендетілді.

Бұл орайда жаңа сервис «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Шаньси провинциясының Халықтық өкіметі арасында қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру болып табылатындығын атап өткен жөн.

Жол жүру бағытында 20 күн шамасында, электроникасы бар 42 қырықфуттық контейнерден тұратын пойыз 8500 шақырымдық қашықтықты еңсереді.

Қазақстан аумағы бойынша пойыз 72 сағат жүріп өтті және Ақтау порты арқылы фидерлік кемемен ТХКБ бағыты бойынша жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар