Қазақстан Ауғанстан бойынша ҰҚШҰ жұмыс тобының отырысына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының, ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығының, ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы және Халықаралық Қызыл крест комитетінің өкілдері қатысты.

«Қатысушылар Ауғанстан төңірегіндегі жағдайдың өзекті мәселері бойынша пікір алмасып, ауған бағыты бойынша белсенді өзара іс-қимылға және бірлескен тәсілдерді әзірлеуге ортақ бейілділігін растады.

Елші Т. Қалиев өз сөзінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігірге қосқан Қазақстанның елеулі үлесін атап өтті», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар