Қазақстан-Беларусь іскерлік кеңесінің отырысы өтті

None
None
МИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаев 2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан-Беларусь Іскерлік кеңесінің кезекті отырысына (онлайн режимінде) қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған отырыста «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павел Утюпин, Беларусь Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Владимир Улахович, екі елдің Ауыл шаруашылығы министрліктерінің және Беларусь әмбебап тауар биржасының өкілдері сөз сөйледі. Кеңес жұмысына екі мемлекеттің іскер топтарының өкілдері де қатысты.

Ағымдағы жылы әлемдік экономикалық дағдарысқа және COVID-19 пандемиясына байланысты әлемдік саудадағы көлемнің төмендеуі байқалады, ол Қазақстан мен Беларусь арасындағы саудаға да керіс әсерін тигізді. Беларусь Республикасының Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 9,2%-ға төмендеп, 604,4 млн долларды құрады, Қазақстаннан Беларуське тауарлар экспорты 24,3%-ға төмендеп, 73,7 млн АҚШ долларын құрады, Беларусьтен Қазақстанға импорт 4,2%-ға 530,7 млн долларға дейін азайды. Нәтижесінде, Қазақстан үшін өзара саудада ағымдағы жылы 456,9 млн АҚШ доллары көлемінде теріс сауда сальдосы қалыптасты.

Іскерлік кеңес барысында өзара тауар айналымын арттыру және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері көтерілді. Бұл үшін қажетті әлеует бар екені, Қазақстан мен Беларусь нарықтары белсенді дамып келе жатқаны, ал олардағы жұмыс жағдайлары жылдан жылға жақсарып келе жатқаны атап өтілді. Осылайша, Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу жеңілдігі (Doing Business) рейтингінде Қазақстан 25-орын алады (позициясы 3 тармаққа жақсарды) және бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар