+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Қазақстан бензин экспорттаушы елге айналды

2020 жылғы 19 қазан 15:34
Бөлісіңіз:
Қазақстан бензин экспорттаушы елге айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бензин экспорттаушы елге айналды. Сыртқы нарыққа бензин жеткізу өткен жылға қарағанда нақты мәнде 58 есе, құнына шаққанда 49 есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары авиаотынды қоса алғанда 2,9 млн тонна бензин шығарды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,3 пайызға көп. 2019 жылдың ішінде елімізде 4,5 млн тонна мотор отыны өндірілген болатын. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға жоғары.

Өңірлік шекте өндірілген өнімің ең үлкен көлемі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жұмыс істейтін Шымкент қаласына тиесілі. Өңірде өндірілген өнім жалпы республикада шығарылған жанар-жағармайдың 44,9 пайызын құрайды. Шымкент зауытында 1,3 млн тонна бензин өндіріліп отыр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,7 пайызға көп.

Ал екінші орында тұрған Павлодар облысында 858,7 мың тонна бензин өндірілгенімен, өндіріс көлемі жыл ішінде 1,9 пайызға кеміген.

Атырау облысындағы мұнай өңдеу зауыты да жыл ішінде өндіріс көлемін 1,1 пайызға төмендетіп алды. Өңірде 688,7 мың тонна жанар-жағармай шығарылды.

7 айдың қорытындысында отандық компаниялар бензин сұранысын (ішкі нарық пен экспортты қоса алғанда) толықтай қамтамасыз етті. Импорт үлесі көп емес, небәрі 0,03 пайыз ғана. Бір жыл ішінде отын импорты 25 есе төмендеді. Ал экспорт үлесі 11,1 пайызды құрады. Компаниялар өткен жылмен салыстырғанда оның көлемін 44 есеге арттырып, 276,7 мың тоннаға жеткізді.

Ал 2020 жылдың қаңтар-тамызында компаниялар 362,1 мың тонна автомобиль бензинін экспортқа шығарып, өсім көлемін 57,6 есеге жеткізді. Ақшаға шаққанда экспорт 125,6 млн доллар болды. Бұл өткен жылғы түсімнен 48,5 есе көп. ТМД елдеріне 36,7 млн доллар сомаға 103,3 мың тонна бензин жөнелтілді. Қазақстан бензинінің негізгі импорттаушы елдері - Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Әлемнің қалған елдеріне 88,9 млн долларға 258,8 мың тонна автомобиль бензині жіберілді. Негізгі импорттаушылар: Ауғанстан, Нидерланды және Грузия.

2020 жылдың қыркүйегінде еліміздің ішкі нарығында бензин бағасы шамалы жылдық өсім көрсетті. АИ-92 бензині бір жыл ішінде 2,8 пайызға қымбаттап, литрі 150,8 теңгені, АИ-95/95 1,2 пайыз өсіммен 171,4 теңгені, АИ-98 1,5 пайыз өсіммен 190,2 теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT