Қазақстан Бейжіңдегі Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялай ма – Министрлік жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев «Қазақстан Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиадаға басқа елдер секілді дипломатиялық бойкот жариялай ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбір елдердің бұл мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіргені түсінікті, бірақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің спортшыларымызды, құрама командалардың капитандарын және паралимпиадашыларды қабылдап, оларға Олимпиада ойындарына апаратын Туды тапсырды. Яғни, мұнда ешқандай бойкот туралы сөз жоқ. Оған қоса, Сыртқы істер министрлігі Президенттің Олимпиада ойындарына қатысуы мәселесін пысықтап жатыр. БАҚ-та Бейжің тарапы ел басшылығын ресми түрде шақырғаны туралы ақпарат болды. Осыған байланысты, Олимпиадаға толыққанды қатысатынымызды айтқым келеді, бізде кейбір елдер көтерген мәселелерге қатысуға еш негіз жоқ», - деді Серік Жарасбаев.

Сонымен бірге, бұл мәселеге Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі де пікір білдірді.

«Күріш пен күрмекті – спорт пен үлкен саясатты ажырата білу керек. Бұл мәселеде де екі түрлі нәрсе бар. Біз мұнда екі түрлі әлемнің қақтығысын көріп отырмыз және сәйкесінше әрқайсысы өзінше әрекет етеді. Біз саясатты емес, спортты ойлаймыз. Бұл жерде біздің ұстанымымыз бірдей», - деді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді.

Қазақстаннан баратын 34 спортшы 87 спорт түрінен лицензия алған.



Соңғы жаңалықтар