Қазақстан бірқатар елмен сотталғандарды беру бойынша келісімге келмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шартқа 2018 жылы наурызда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

«Құжат екі мемлекет арасында сотталған адамдарды жазасын одан әрі өз ел елінде өтеу үшін олармен алмасу мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді. Шартпен адамды берудің нақты жағдайлары қарастырылған», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев.

Атап айтқанда, сотталған адам қабылдаушы тараптың азаматы болуы тиіс. Сонымен қатар, жасалған әрекет екі жақтың заңы бойынша қылмыс деп саналуы, өтелмеген жаза кемінде бір жылды құрауы керек.

Белгілі болғандай, шарт талаптарын іске асыру үшін орталық органдар айқындалды. Осы орайда ҚР Бас прокуратурасы мен Моңғолияның Әділет және ішкі істер министрлігінің өзара іс-қимылы ескерілген.

Бұдан бөлек, сотталғандарды беруден бас тарту негіздері де көзделген. Мысалы, ел егенмендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін болса, ұлттық заңнаманың іргелі қағидаттарына қайшы келеді.

Б. Дембаевтың айтуынша, қазіргі таңда Моңғолияда жазасын өтеп жатқан Қазақстан азаматтары жоқ. Ал елімізде Моңғолияның 5 азаматы жазасын өтеп жатыр.

«Осыған ұқсас шартты еліміз 21 мемлекетпен бекіткен. Жақында осындай құжатқа Өзбекстан, Вьетнам, Кипр, Доминикан және басқа да елдермен қол қою жоспарланған», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Соңғы жаңалықтар