Қазақстан делегациясы ТАССР-дің 100 жылдығына арналған шараға қатысуда

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қош келдіңіз! Исәмесез?»,- деп қарсы алды Р.Минниханов Қазақстан делегациясын.

А.Балаева Татар АССР-дің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін республика басшылығына алғысын білдіріп, Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастардың шынайы достық сипатын ерекше атап өтті.


Сондай-ақ, бүгін Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында ақпарат министрі Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, сапар барысында АҚДМ басшысы «Татмедиа» республикалық баспасөз және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшылығымен кездеседі. Қазақстан делегациясы Қазандағы тарихи-мәдени маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, Татар АССР-нің 100 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысады.


Соңғы жаңалықтар