Қазақстан денсаулық қауіпсіздігі рейтингінде 195 елдің арасынан 55-ші болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық қауіпсіздігі индексі рейтингінде Қазақстан 195 елдің арасынан 55-ші орынға орналасты. Ел индексі ең жоғары 100 балдан 46,1 балды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық қауіпсіздігі индексінде елдің пандемияға немесе эпидемияға дайындығы ескеріледі. Индекс ұпайлары 6 негізгі көрсеткішті қамтиды: әртүрлі аурулардың алдын алу, ауруларды анықтау және есептілік, жедел әрекет ету, денсаулық сақтау жүйесі, қаржыландыру, қоршаған ортадан төнетін қауіп.

Қазақстан түрлі аурулардың алдын алу бойынша 100-ден 54,9 балл, ауруларды анықтау және есептілік бойынша — 29,2 балл, әрекет ету жылдамдығы бойынша — 36,5 балл, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша — 34,6 балл, қаржыландыру бойынша — 58,7 балл, қоршаған орта тәуекелі бойынша – 62,9 балл жинады.

Рейтингіні құрастырушылар АҚШ, Австралия және Финляндияны пандемияға немесе эпидемияға барынша дайын деп санады. Сомалидің көрсеткіші ең нашар болды.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Армения мен Ресейдің ұпайлары жоғары. Ал Беларусь – 63, Қырғызстан — 68, Молдова — 71, Өзбекстан — 82, Украина — 83, Әзербайжан — 100, Түрікменстан — 119, Тәжікстан — 140-орынға орналасты.


Соңғы жаңалықтар