Қазақстан дизель отынын Ресейден импорттамақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтауы дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтайды. Бұл жөндеу негізінен шілденің аяғы мен тамыздың басында жүргізілуі керек еді. Бірақ мұнай өнімдерінің қорын құру үшін жөндеуді 1 қазанға шегеру шешімі жасалды. Дегенмен, дизель отынын сатып алу деңгейі айтарлықтай өсіп, отын қалдықтары 210 мың тонна деңгейінде тұр, бұл шамамен 11-12 күнге жетеді», - деді Ә. Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Павлодар зауытын тоқтату ел бойынша дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді.

«Ресейден 100 мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау керек екенін байқап отырмыз. Осы орайда өткен аптада Ресей Федерациясының Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргіздік. Олар зауыттарға өздерінің нұсқауын берді», - деді вице-министр.

Қазіргі уақытта жанар-жағар май станцияларының ірі желілері Ресей Федерациясының жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі бөлшек сауда бағасы көрші елдерге қарағанда айтарлықтай төмен, бұл тұрғыда транзиттік көліктер дизель отынын сатып алуы көлемін арттырған.



Соңғы жаңалықтар