Қазақстан ДЗМҰ-ға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қатысты құжатты тапсырды
Ратификациялық құжатты Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова табыс етті. Ратификациялау туралы Құралды табыстау рәсімі Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Сәуле Тлеулесованың қатысуымен өтті.
Хаттаманың күшіне енуі Еуразия өңірі елдерінің өнеркәсіптік үлгілерін құқықтық қорғаудың жаңа мемлекетаралық жүйесін құруда маңызды оқиға болмақ.
Өнеркәсіптік үлгіге патенттің ауқымды қолданылу аймағы – Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы 8 мемлекет және барлық 8 елде (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстан) бір басымдық күнін белгілеу мүмкіндігі осы жүйенің артықшылықтары болып табылады.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің мемлекетаралық жүйесіне қатысу отандық тауар өндірушілер үшін жаңа идеялар мен бірегей бұйымдарға өз құқықтарын қорғау аумағын кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ шетелдік патент иеленушілер үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырады.