Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамотасын тапсырды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат — Бүгін Қазақстанның Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сұхбат барысында Әзербайжан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланыс орнатылғанын, оның Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсында қарқынды дамып келе жатқанын әрі екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті.

И.Әлиев инвестиция, сауда-экономика, отын-энергетика, транзит-көлік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты және көпжақты өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту жайлы пікірлерін айтты.

Өз кезегінде ҚР Елшісі Әзербайжан басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, бауырлас екі мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар мүмкіндігін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Сондай-ақ, И.Әлиев С. Әбдікәрімовті елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Авторы: Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар