Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамотасын табыстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн форматта өткен рәсім барысында үнді мемлекетінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның осы лауазымдағы жұмысы екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді қатынастардың үдемелі одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Рәсімнен кейінгі сұхбатта тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында Рам Натх Ковинд Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ жаңа Елшіге Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда сәттілік тіледі.





Соңғы жаңалықтар