«Қазақстан – ЕО» достық тобының төрағасы II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес марапатталған Еуропа парламентінің депутаты, «Қазақстан - Еуропалық одақ» достық тобының төрағасы Рышард Чарнецкийге II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

А.Құспан жоғары награда еуропалық саясаткерге оның Қазақстан Парламенті мен Еуропалық Парламент арасындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға қосқан қомақты үлесін мойындау белгісі ретінде берілгенін мәлім етті. Сондай-ақ оның парламентаралық ынтымақтастықты үдемелі дамытудың жаңа қуатты өзегі болған достық тобын құру жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Өз кезегінде, еуродепутат Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілету жөніндегі күш-жігерін осындай бағалағаны үшін алғысын білдіріп, оларды жан-жақты нығайту үшін одан әрі жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар