+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасында қанша табыс тапты

2020 жылғы 21 қараша 11:03
Бөлісіңіз:
Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасында қанша табыс тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттар лигасындағы алты ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топта соңғы орынға ие болып, «С» лигасындағы орынды сақтап қалу үшін Молдовамен таласады. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстан құрамасы турнирге қатысқаны үшін бонустар алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді Бокстан Қазақстан чемпионатының жүлде қоры белгілі болды Қазақстан спортшысы желкенді қайық спортынан халықаралық турнирде «күміс» алды

Ұлттар лигасына қатысушылардың әрқайсысы жақсы бонустарға ие болуы мүмкін. Турнир аяқталғаннан кейін оларға қол жеткізілген нәтижелерге байланысты сыйақы қосылады. Ұлттар лигасының ағымдағы ұтыс ойынында өнер көрсеткені үшін ҚФФ 1,125 миллион аударады. Алайда Михал Билектің шәкірттері топта бірінші орын алған жағдайда екі есе көп ақша табуы мүмкін еді.

«С» лигасындағы топтың жеңімпазы үшін 1,125 еуро сыйақы беріледі. Яғни Қазақстан құрамасы топта жеңіске жеткен жағдайда 2,25 миллион еуро (топқа қатысқаны және жеңгені үшін) табысқа ие болады.

Ұлттар лигасында өнер көрсеткені үшін мынадай бонустар беріледі: «А» дивизионы – 2,25 миллион, «В» дивизионы – 1,5 миллион, «С» дивизионы – 1,125 миллион «D» дивизионы – 0,75 миллион. Ал топтың жеңімпаздарына: «А» дивизионы – 2,25 миллион «В» дивизионы – 1,5 миллион «С» дивизионы – 1,125 миллион, «D» дивизионы – 0,75 миллион. Финал жеңімпазына 6 миллион төленеді, екінші орынға – 4,5 миллион, үшінші орынға – 3,5 миллион, төртіншіге – 2,5 миллион.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT