Қазақстан Германиямен стратегиялық серіктестікті дамыту әрі нығайту бағытын мүлтіксіз ұстанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Германиямен стратегиялық серіктестікті дамыту әрі нығайту бағытын мүлтіксіз ұстанады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда әлеуетті инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстан экономикасына 370 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Еліміз табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде 6-шы және пайдалы қазбаларды жалпы өндіру көлемі бойынша 9-орында тұр. Қазақстан географиялық оңтайлы орналасуының арқасында Еуропа мен Азияны жалғайтын Ұлы Жібек жолының маңызды байланыстырушы буыны саналады», - деді Роман Скляр елордада өтіп жатқан Қазақстан-герман бизнес форумында.

Бірінші вице-премьер ел басшылығының тәуелсіз стратегиялық бастамалары Қазақстан егенмендік алған сәттен бастап-ақ экономиканы сапалы әртараптандыруға, базалық салаларды технологиялық жаңғыртуға, адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті.

«Қазақстан Еуропадағы ірі сауда экономикалық серіктестердің бірі Германия Федеративті Республикасымен барлық негізгі бағыттар бойынша стратегиялық серіктестікті дамыту және нығайту бағытын мүлтіксіз ұстанады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар